Торайғыров университетінің 65 жылдық мерейтойы аясында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Марғұлан университетінің баспасөз хатшысы, университетіміздің түлегі, танымал блогер Бәкіжан Кәкіммен ашық пікір алаңын ұйымдастырды.



Іс-шара «Болашақ журналистиканың бейнесі: технология мен шындықтың қиылысында» тақырыбы аясында өтті. Кездесу барысында спикер қазіргі журналистиканың даму бағыттары, жаңа медианың ықпалы және әлеуметтік желілерді тиімді жүргізудің қыр-сыры жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.



Бәкіжан Кәкім жастарға кәсібін сүйетін, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін, заманауи көзқарасы бар журналист болуға үндеп, өмірде дара жолын табуына тілектестік білдірді.



Кездесу соңында факультет деканы Салтанат Аубакирова ректор атынан спикерге Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.