Торайғыров университетінің 65 жылдық мерейтойына орай "Филология және журналистика" кафедрасының ұйымдастыруымен Павлодар өңірінің еңбек сіңірген тележурналисті Ғалия Балтабаймен кездесу өтті.



Іс-шара коворкинг алаңында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының облыстық филиалының басшысы, ақын, жазушы Серік Елікпаевтің модераторлығымен өтті. Сондай-ақ кездесуге Ғалия Балтабаеваның портретін тереңірек ашу үшін "Үштұғырлы тіл" кафедрасының меңгерушісі, профессор Айман Зейнулина сөз сөйледі.



Айман Файзулловна Ғалия Құсайынқызы қоғамның маңызды мәселелерін көтерген алғашқылардың қатарындағы журналист екендігін ерекше атап өтіп, Павлодарда Қазақ радиосының сақтап қалуға себепші болған тұлға екендігімен бөлісті.



Ғалия Құсайынқызы студенттерге өмір жолы, шығармашылық тәжірибесі мен журналистік қызметінің қызықты сәттері туралы сыр шертті. Кездесу барысында студенттер көкейкесті сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.



Сонымен қатар факультет деканы Салтанат Аубакирова университет ректорының атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.