Тиісті келісімге Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов пен Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова қол қойды.



Ынтымақтастық туралы меморандум жоғары оқу орнының алаңында рәсімделді. Құжат TOU-дың «Құқықтану» кафедрасы базасында заң клиникасын құруды көздейді. Бұл келесі міндеттерді шешетін тұрақты платформаға айналуы тиіс: халықтың заң көмегіне тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етеді және Торайғыров университетінің студенттері мен магистранттарының кәсіби қалыптасуын ұйымдастырады. Осылайша, ЖОО-ның студент-заңгерлері құқықтық кеңес берудің қолданбалы дағдыларын меңгереді.



Сонымен бірге, келісім аясында TOU облыстық адвокаттар алқасы, облыстық нотариат палатасы, заң кеңесшілері мен жеке сот орындаушылары палатасы және сот сараптамасы институтымен бірге жұмыс істейтін болады.