Бес күн бойы жұмыс істейтін диалог алаңы экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарына арналған.



Жазғы мектеп қоршаған ортаның әртүрлі аспектілері мен оған әсер ету мәселелерін зерттейтін студенттер мен оқытушылар үшін ұйымдастырылды. Кездесудің барлық қатысушыларын ЖОО-ның академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ренат Нұрғожин құттықтады. Сондай-ақ TOU алаңында Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Бибігүл Ақшұлақова, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Мәдениет Елубай және «Биология және экология» кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Қалиева сөз сөйледі.



Жазғы мектептің ашылу күні тыңдаушылар алдында Чехия табиғи ғылымдар университетінің профессоры Мирослав Кравка баяндама жасады. Оның баяндамалары жаһандық экологиялық проблемаларға және жеке экологиялық жауапкершілікке арналды.



Жұмыс аптасы ішінде алаң аясында басқа да мәселелер талқыланады: қалдық энергиясы және өнеркәсіптік экология, табиғи ресурстар және климаттың өзгеруі. Дәріс оқушылар қатарында Түркиядан келген профессор Альперен Тозлу, Беларусь мемлекеттік техникалық университетінің кафедра меңгерушісі Владимир Штепа, Германияның Қазақстандағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Ульрих Кинне, «Проманалит» ЖШС өкілі Жоао Насименту, сондай-ақ Әзірбайжаннан келген Сумгаит мемлекеттік университетінің профессоры Тунзала Бабаева бар.

Жазғы мектептің тыңдаушылары тек павлодарлық студенттер ғана емес, сонымен қатар Астана, Көкшетау және Қостанай қалаларының жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер болады.