Торайғыров университетінің Шет тілдері филологиясы кафедрасында аудармашылардың кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар дәстүрге айналған.



Халықаралық аудармашылар күні әлемде осы мамандық иелерінің мәдениетаралық қарым-қатынас пен өзара түсіністікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін мойындау белгісі ретінде аталып өтеді. Биылғы жылы іс-шара аясында TOU студенттері мен оқытушылары зияткерлік викторинаға және көркем аударма мен ауызша аударма бойынша шеберлік сыныптарына қатысты. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында қазіргі әлемдегі аудармашы мамандығының өзекті мәселелері талқыланды.



Кафедраның аға оқытушысы Асия Мадееваның жетекшілігімен өткен іс-шара білім, тәжірибе және шығармашылық идеялар алмасуға ықпал ететін атмосферада өтті. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Салтанат Аубакирова мен шет тілдері филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Қаббасова студенттерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға табыс тіледі. Күн қорытындысы бойынша ең белсенді студенттер мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.