Торайғыров университетінің өкілдері 2–4 қазан аралығында Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Биылғы форумның ұраны – Generative Nation. Іс-шара дәстүрлі түрде цифрлық технологиялар, инновациялар және жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасудың ең ірі алаңына айналды.



Форум аясында қатысушылар жетекші IT-компаниялар мен стартаптардың экспозицияларымен танысты, жасанды интеллект технологияларының дамуына, цифрлық трансформацияға және инновациялық кәсіпкерлікке арналған пленарлық отырыстар мен тақырыптық панельдік сессияларға қатысты.



Бағдарламадағы ерекше назар AI SANA – Generative Nation сессиясына аударылды. Онда генеративті ЖИ-дің заманауи қолданылу үрдістері мен мектеп оқушылары, студенттер және жас әзірлеушілер арасындағы таланттар мен зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған аттас байқаудың нәтижелері талқыланды.



Торайғыров университеті өкілдерінің Digital Bridge 2025 форумына қатысуы кәсіби байланыстарды кеңейтуге, білім алмасуға және университеттің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы бастамаларын ілгерілетуге маңызды қадам болды.