Кеңес отырысында 2025-2026 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында оқу-әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.



Сондай-ақ, кездесуде бос гранттарды игеру конкурсының нәтижелері және факультеттердегі «Қазақстан халқына» әлеуметтік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Бұл бағдарлама аясында студенттердің үлгерімі мен жобаның өзекті мәселелері талқыланды.