Торайғыров университетінде энергетика саласындағы экологиялық мәселелерге арналған «дөңгелек үстел» өтті.



Кездесуді ЖОО Энергетика факультетінің деканы Олжас Талипов ашты. Ол 2060 жылға қарай Қазақстан көміртексіз технологияларға көшуі тиіс екенін еске салып, желілердің тозуы, энергия тасымалдану кезінде үлкен шығындар тудыратынын және басқа да салалық мәселелерді атап өтті. Сондықтан бүгінгі таңда ToU ғалымдары осы мәселелерді шешумен айналысуда. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында айтқан болатын.

 


"Дөңгелек үстелге" жақында Торайғыров университетіне жұмысқа келген шетелдік ғалымдар қатысты. Олар – Чехиядан келген Мирослав Кравка мен Түркиядан келген Альперен Тозлу. Өз жобалары туралы университеттің әлеуметтік серіктесі – «Проманалит» компаниясының өкілдері Жоао Насименту мен Евгений Командиров баяндап берді. Сондай-ақ, кездесуде "ЭОН Энерго" ЖШС инженер-экологы Мария Исаева сөз сөйледі. Кейін энергетиктер мен экологтар саланың өзекті мәселелері мен оларды шешу мүмкіндіктерін талқылады.