Әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарын марапаттау рәсімі Алматыда өтті.



Салтанатты шара С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде ұйымдастырылды. QS Quacquarelli Symonds атынан марапаттарды бас коммерциялық директор Джейсон Ньюман табыстады. Торайғыров университетінің рейтингке енгендігінің расталуын ЖОО ректоры Нұрлан Медетов алды.



Павлодарлық жоғары оқу орны QS World University Rankings 2026 бойынша
1400+ әлемнің үздік университеттері тобында. Жоғары бәсекелестік пен қатысушылар санының көп болғанына қарамастан, ToU бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетті.



Бір жыл ішінде Торайғыров университеті халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейту мен жариялылық белсенділіктің есебінен академиялық танымалдылық көрсеткішін жақсартты. Сонымен қатар, халықаралық мәліметтер базаларына тіркелетін рецензияланатын журналдарда ғылыми жарияланымдар санының артуы байқалады.



Халықаралық ынтымақтастық бағыты бойынша да оң нәтижелер бар - ортақ жобалар мен шетелдік серіктестер саны артты. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар саны үйлесім тапты, бұл көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасының бірден-бір көрсеткіші.



ТоU-дың әлемдік рейтингте орын алуы халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша ұжымның жүйелі жұмысының көрсеткіші. Алдағы жылдарда Торайғыров университетінің стратегиялық басымдылығы ғылымды дамыту, академиялық ұтқырлықты арттыру және шетелдік студенттерді тарту деп белгіленген.