Торайғыров университетінде Павлодар облысында тұрақты туризм қағидаттарын енгізуге арналған мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмысы аясында «Туризмнің тұрақты дамуы және көміртегі ізін азайту» атты ғылыми-тәжірбелік апта өтті.



Апта бағдарламасында IKEM Климатты қорғау, энергетика және мобильдік институтынан шақырылған профессор Александра Новикова-Роди мен Торайғыров университетінің профессоры Александр Белыйдың ашық дәрістері ұсынылды. Дәрістер жаһандық климаттың өзгеруі, декарбонизация және Қазақстанның климаттық саясаты тақырыптарына арналды. Олар студенттер мен мамандардың зор қызығушылығын тудырып, ғылыми пікірталасқа жол ашты.



Сонымен қатар, «Павлодар облысындағы тұрақты туризм» атты конференция ұйымдастырылды. Онда тұрақты туризмді бағалаудың заманауи тәсілдері, өңірдегі көміртегі ізін азайту жолдары және PRoST аймақтық стандартын енгізу мәселелері талқыланды. Конференция барысында тұрақты туризмді дамыту мен шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты тәжірбелік кейстер мен нақты ұсыныстар берілді.