Спорт пен салауатты өмір салты мерекесі Торайғыров университетінің стадионында ұйымдастырылды.



Университетте жақсы дәстүрге айналған Денсаулық күніне ToU-дың барлық факультеттерінің студенттері мен қызметкерлері жиналды. Фестиваль қатысушылары гір көтеру, турникке тартылу, арқан тарту, футбол, волейбол және басқа да спорт түрлерінен жарысты. Жекелеген сайыстардың жеңімпаздарына «Atilla», «Gladiators» және «Energy» спорт клубтары, сондай-ақ «Izmir» кафе мен мейрамханалар желісі демеушілік еткен сыйлықтар табысталды.



Барлық спортсүйер қауым мен жанкүйерлерге палау таратылды. Шара соңында қатысушылар бірге тазалық жұмыстарын жүргізді.