Торайғыров университетінің студенттері Алматыда ITeachMe қоры ұйымдастырған iTeamLab инновациялық байқауының Intro Day кезеңінде өз жобаларын сәтті қорғады.

Команда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Involve Ecosystem атты ерекше жобасын таныстырды. Қосымшада қауіпсіз жолдар картасы, танысу мен байланысуға арналған сайт, әрі құрылғыларды дауыстың және көздің көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін жүйе бар. Computer Science факультетінің студенттері Станислав Кириченко мен Ислам Куленовтың жобасы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жобаны қорғау нәтижесі бойынша команда ITMLab 2.0 байқауының финалистері қатарына өтті.

Енді студенттерді байқаудың келесі кезеңдері күтуде, онда олар өз жобаларын одан әрі дамытып, оны жүзеге асыруға арналған инвестициялар үшін күресетін болады.