Прага қаласындағы Чех табиғи ғылымдар университетінің докторы, PhD Мирослав Кравка энергетика факультетінде жұмыс істейтін болады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды шақыру жобасы аясында Торайғыров университеті Чех табиғи ғылымдар университетінің профессоры Мирослав Кравкамен әріптестік орнатты. Ол бір ай бойы энергетика факультетінде қызмет атқарады.

Профессормен кездесу кезінде ToU ректоры Нұрлан Медетов тұрақты даму тақырыбы университет үшін аса өзекті екенін атап өтті. Сондықтан Мирослав Кравка энергетика қызметін экология және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан қарастыру туралы профессорлар үшін семинарлар, студенттерге лекциялар өткізеді.