Торайғыров университетінің оқытушылары әзірлеген педагогтардың біліктілігін арттыру курстары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бағдарламалары тізіміне енгізілді.

Курстар ғылыми-зерттеу жұмыстары әдістемесінен бастап қазақ тілін оқыту, сандық көмекшілерді қолдану, генеративті жасанды интеллект пен кеңейтілген шындық технологияларына дейінгі өзекті тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар, бағдарламаларда киберқауіпсіздік негіздері, қаржылық сауаттылық және білім беру саласындағы менеджмент мәселелері де қарастырылған. Бұл педагогтарға кәсіби қызметінде жаңа білім мен практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.