Торайғыров университетінде ITEACHME қоғамдық қорының өкілдерімен бірге хакатон өтті.


Іс-шара инклюзия тақырыбына және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесетін заманауи технологияларға арналды. Қатысушыларға білім беру мен әлеуметтік үдерістердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер таныстырылды. Сонымен қатар, студенттерге өз дағдыларын дамыту және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін Құзыреттерді дамыту орталығына қосылу ұсынысы түсті.