Торайғыров университетінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын
тікелей эфирде тыңдады.


Ел дамуының басым бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы бірнеше рет цифрландыру мен жасанды интеллектті сөз етті. Сонымен қатар, Қазақстанды цифрлық державаға айналдыру және жасанды интеллектті дамытуға арналған жеке министрлік құру
жоспары бар екенін мәлімдеді. Цифрландырудың негізгі бағыттары «Цифрлық кодекске» енгізілмек.

 

Сондай-ақ, Президент қолданбалы аграрлық ғылымды дамытуға баса назар
аударды. Ол осы саладағы ғылыми жетістіктердің коммерциялану деңгейі 17%-дан аспайтынын, ал салаға мамандандырылған түлектердің 40%-ы ғана өз мамандығымен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.


- «Цифрлық технологияларды қолдануға және саланың өнімділігін елеулі деңгейде
арттыруға бағытталған аграрлық ғылымды дамытудың нақты жоспары қажет. Өнімділікті айтарлықтай арттыру үшін ветеринария мен фитопатологияға ерекше көңіл бөлу
керек, өйткені осы салалардың әлсіз дамуы АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін шектеп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Ғылым саласына қатысты Мемлекет басшысы білім мен инновацияларды басқарудың
маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа патенттер, технологиялар мен өндірістер түріндегі бюджеттік инфузиялардың қайтарымы әлі де жеткіліксіз екеніне өкініш
білдірді.


- «Жасанды интеллектті дамытуды басымдыққа алған университеттерге көбірек мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету керек. Үкімет талантты зерттеушілерге қолдау
көрсету шараларын арттырсын. Сондай-ақ, білікті отандық мамандарды елге қайтарудың тиімді механизмдерін әзірлеп, іске асыру қажет», – деді Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев туризм инфрақұрылымын дамытуға қатысты да пікір
білдірді. Ол осы саладағы кәсіби кадрлардың жетіспеушілігін және бүкіл саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін атап өтті.


-⁠ «Танымал демалыс орындарымен қатар, басқа перспективалы бағыттардың да әлеуетін
күшейту маңызды. Енді туризм инфрақұрылымын кешенді дамыту жергілікті атқарушы органдардың тұрақты басымдығы мен жауапкершілігі болады. Ал орталық деңгейде халықаралық туристерді тартуға және туризм саласындағы саясатты заңнамалық қамтамасыз етуге назар аудару қажет, - деді Мемлекет басшысы.


Жастармен жұмысқа қатысты Президент білім алуға ұмтылған, елдің өркендеуін
ойлайтын әрбір азаматқа қолдау көрсетілетінін айтты. Ол жас буынның күш-қуатына, талантына және біліміне үміт артып отырғанын жеткізді.


-⁠ «Біз жүргізіп жатқан ауқымды жұмыс – өсіп келе жатқан ұрпақтың жарқын
болашағы үшін. Ертең осы ұрпақ өзгерістердің жемісін көріп, басталған істілайықты жалғастырады. Жастар әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге, әсіресе жасанды интеллект дәуірінің келуіне тез бейімделеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


ToU қызметкерлері Жолдаудың мазмұндылығы мен жан-жақтылығын жоғары
бағалады. Әр факультет деңгейінде құжат мұқият талданып, барлық қызметкерлермен студенттерге жеткізіліп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру
бойынша нақты жоспар құру туралы шешім қабылданды.