ТoU қызметкерлері университет дамуы туралы ұсыныстарымен бөлісті.

 

Кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған жазғы мектептің үшінші күні аясында Торайғыров университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесулері өтті. Кездесуге академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ренат Нургожин, ғылыми жұмыс және зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов және жастар саясаты, әлеуметтік және шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор Ертарғын Шахман қатысты. Профессорлық-оқытушылар құрамы ашық микрофон форматында өзекті сұрақтарды алға тартып, әріптестермен бірлесіп шешім табуға мүмкіндік алды.

 

Күннің екінші жартысында факультеттер кеңесінде жаңа оқу жылындағы ұжым алдында тұрған мәселелер мен міндеттерді талқыланды. Педагогикалық ұжым оқу бағдарламаларының әдістемелік қамтамасыз етілуі мен дайындығын пысықтап, жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелеріне назар аударды.