Ауқымды диалог алаңының алғашқы күнінде кеңейтілген пленарлық отырыс өтті.
Алғаш болып Торайғыров университетінің оқытушыларын Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төраға орынбасары Гүлжан Джарасова құттықтады. Ол бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдында тұрған сын-қатерлерді атап өтіп, Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жатқан жобаларға баршаңызды қатысуға шақырды.
Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов 3 мыңнан астам талапкерлердің студенттер қатарына қабылданғаны бұл университет қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артатының ерекше атап өтті, себебі әрбір студентке сапалы білім беру маңызды. Осы мақсатта университет профессор-оқытушылар құрамының және басқа да қызметкерлердің кәсіби дамуын арттыруға бағыт алды.
– Бүгінгі күні біздің жұмысымызда ең бастысы – студенттерге беріп отырған біліміміздің мазмұны, – дейді ToU басқарма төрағасы. – Қоғам ғалымдарға мұқият назар салып, олардың еңбегінің пайдасына үңілуде. Сонымен қатар, біз Торайғыров университетінің түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуына ұмтылуымыз қажет. Мұның бәрі адами капиталды үнемі дамыту мен жұмысымыздың сапасын жетілдірусіз мүмкін емес.
Пленарлық отырыста академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ренат Нургожин, ғылыми жұмыс және зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов, стратегия және сапа менеджменті жүйесі офисінің басшысы Нариман Мапитов баяндама жасады. Жазғы мектептің арнайы шақырылған қонағы Шәкәрім университетінің «Абай және ұлттық руханият» орталығының жетекшісі Ақмарал Смағұлова болды. Оның баяндамасы «Толық адам» білім беру-тәрбиелік тұжырымдамасына және оны қазіргі жағдайда жүзеге асыруға арналды.
Жазғы мектеп жұмысы панельдік тақырыптық сессиялар аясында жалғасады. Олар университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, заманауи оқыту әдістемелерін меңгеруге және тиімді коммуникациялық алаң қалыптастыруға бағытталған.