Торайғыров университетінің бірінші курс студенттері эдвайзерлер және факультет декандарымен танысты.



Факультеттер бойынша кездесулер университет дәрісханаларында өтті. Декандар мен эдвайзерлер негізгі пәндер жайлы айтып, студенттің жеке кабинетінде қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, студенттерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.



Алдағы күндері студенттерді университет кітапханасымен таныстыру және студенттік ұйымдар жәрмеңкесі күтіп тұр. Жаңа оқу жылы 2 қыркүйек сағат 10:00-де болатын салтанатты жиыннан бастау алады.