2025 жылғы 7 және 9 тамыз аралығында Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов Тайландтың Бангкок қаласында өткен Thailand International Conference on Education Research (ThaiCER) 2025 және Southeast Asian Teacher Education Programme (SEA-TEP) бағдарламасының қорытынды отырысына қатысты.

 

SEA-TEP – STEM-білім беру саласында педагогикалық кадрларды даярлауды жетілдіруге бағытталған халықаралық жоба. Ол Chevron Corporation компаниясының қолдауымен және SEAMEO STEM-ED үйлестіруімен Қазақстан, Таиланд, Малайзия, Индонезия және Камбоджада жүзеге асты.

 

Жоба аясында NGSS стандарттарына негізделген 60 сағаттық онлайн-воркшоптар өткізіліп, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Джозеф Крайчиктің жетекшілігімен 600-ден астам мұғалім ғылыми және инженерлік тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізу әдістерін меңгерді. Бангкоктағы кездесуде жоба нәтижелері таныстырылып, Claim-Evidence-Reasoning (CER) және модельдеу сияқты STEM-тәсілдерді оқу бағдарламаларына енгізу бойынша ұсыныстар жасалды.

 

Іс-сапар барысында Chevron қолдайтын алдағы жобалар талқыланып, Таиланд, Индонезия және Малайзия университеттерімен академиялық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері қарастырылды.