Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов Еуразиялық механикалық зауытына барып, кәсіпорынның атқарушы директоры Сағыныш Нұрқымбаевпен ынтымақтастық жолдарын талқылады.

 

Еуразиялық механикалық зауыты зауыты «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бір жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ел бойынша тұтынушыларын тапқан. ЕМЗ энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия үшін металл бұйымдарын механикалық өңдеумен айналысады. Өндірісте Испания мен Германияда шығарылған бірнеше заманауи сандық бағдарламалық басқаруы бар өңдеу орталықтары жұмыс істейді.

 

Кәсіпорын басшысы Сағыныш Нұрқымбаевтың айтуынша, бүгінде зауытқа СББ станоктарының операторлары, технологтары және метролог мамандар аса қажет. Бұл бір кәсіпорынның мәселесі емес, отандық металл өңдеушілердің барлығына қатысты. Сондықтан, ЕМЗ басшылығы Торайғыров университетімен ынтымақтастық орнатуға бастама көтерді. Өндіріс ошиғының мамандары, оқытушылар мен жоғары курс студенттерін бейіндік білім беру бағдарламалары бойынша оқытуға көмектесуге дайын. Осылайша, олар болашақта сала үшін білікті кадрлар даярлайтын болады.

 

ToU ректоры Нұрлан Медетов университетке мұндай ынтымақтастық қызықты болатынын атап өтті. Бұл университетке еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес келетін сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді және болашақ студенттер үшін білім беру бағдарламаларының тартымдылығын арттырады. Тараптар жақын арада шетелдік тәжірибені ескере отырып, кадрларды даярлау бағдарламасын әзірлеуге келісті.