Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Мәдениет Елубай мен биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Урузалинова арнайы стипендиялық бағдарлама бойынша тағылымдамаға аттанған 27 жас қазақстандық ғалымның қатарына кірді. Бұл бағдарлама «Болашақ» аясында 500 ғалымға тәжірибе алмасуды көздейді және жасыл технологиялар мен тұрақты дамуға арналған. Торайғыров университетінің қызметкерлеріне сәттілік тілейміз!