Торайғыров университетінің Ғылыми кеңесі университет ғалымдарын ғылыми атақтар мен дәрежелер алуымен салтанатты түрде құттықтады.

 

Қарлығаш Асыловаға «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді.

 

Профессор атағы Сәуле Куниязоваға «Экономика және бизнес», Айнагүл Қалиеваға «Биологиялық ғылымдар», Ақмарал Кинжибековаға «Энергетика және өңірлік табиғатты пайдалану» ғылыми бағыттары бойынша берілді.

 

Қауымдастырылған профессор (доцент) атағы Людмила Давиденкоға, Мадина Каримбергеноваға, Марал Әміроваға «Экономика және бизнес» бағыты бойынша, Светлана Гирниске «Азаматтық инженерия» бағыты, Әйгерім Шаһарманға «Тіл және әдебиет» ғылыми бағыты бойынша берілді.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің "Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарма мүшесі - университет проректоры Нұрлан Ержанов және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі орынбасарының  "Ішкі істер органдарының тергеу қызметінде дуальды оқытуды дамытуға қосқан үлесі үшін" алғыс хатымен Экономика және құқық факультетінің деканы Юрий Колесников марапатталды.

 

Құттықтаймыз!