Бүгін ведомствоның Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев пен жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Амангелді Кармановтың ресми кездесуі аясында өңірдің энергетика саласын кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері талқыланды. Келіссөздің негізгі тақырыбы жылу энергетикасы мен сабақтас бағыттар үшін білікті мамандарды даярлау стратегиясы болды.
Кездесуге қатысушылар білім беру бағдарламаларын кәсіпорындардың практикалық сұраныстарымен интеграциялау үшін бейінді университеттермен, соның ішінде Торайғыров университетімен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне назар аударды. Ержан Ертаев: "Оқу стандарттарын салаға бейімдеу, оқытуға заманауи технологияларды енгізу және теория мен практика арасындағы алшақтықты азайту маңызды", - деп атап өтті.
Стратегия шеңберінде инженерлерге, технологтарға және жоғары мамандандырылыған мамандарға арналған білім беру курстарын жаңғырту жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл кадр тапшылығының алдын алып қана қоймай, Павлодар облысының энергетикалық кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Студенттерді даярлау сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың бірлескен жобаларын әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру туралы уағдаласты. Профессор Амангелді Карманов мұндай жүйелі жұмыс саланың ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігі мен инновациялық өсуі үшін негіз болатынын атап өтті.
Өткізілген кездесу білім беру бастамаларын өңір экономикасының қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, энергетиканы дамытудың кешенді тәсілін қалыптастырудағы маңызды қадамды белгіледі.
Айта кету керек, Торайғыров университеті осы салаға кадрлар дайындауда.