Торайғыров университетінің студенті ERG Skills PVL-ге қатысқаннан кейін жұмысқа шақырылды.

 

Жуырда "Ақсу қара металлургия колледжі" ШЖҚ КМК базасында WorldSkills стандарттары бойынша өтетін ERG Skills PVL2025 III жыл сайынғы кәсіби шеберлік байқауы өтті. Оған Eurasian Resources Group (ERG) кәсіпорындарының жас қызметкерлері, сондай-ақ ERG мен колледждер альянсына кіретін жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.

 

 

Оның негізгі идеясы - жастар арасындағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, бұл әсіресе Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясында өзекті болып отыр.

 

Екі кәсіби құзыреттілікте ToU студенттері қатысты: "Токарлық іс" құзыретіне - Алексей Егоров, "Машина жасау және реверс-инжиниринг" ББ, сарапшы - Машина жасау және стандарттау кафедрасының аға оқытушысы Руслан Құсайынов; "Слесарлық іс" құзыретіне – Плесовских Михаил, "Машина жасау және реверс-инжиниринг" ББ, сарапшы – Машина жасау және стандарттау кафедрасы зертханаларының меңгерушісі Андрей Ткачук.

 

Конкурс қорытындысы бойынша слесарь ісі бойынша Михаил Плесовских үшінші орын иеленді.

 

Сонымен қатар, Eurasian Resources Group өкілдерінен  Алексей Егоров пен Михаи Плесовскихке  "Қазхром ТҰК" АҚ және "ЕЭК" АҚ кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға шақырулар табыс етілді.