Торайғыров университеті мен Павлодар химия-механикалық колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Кездесу барысында колледж бойынша экскурсия жүргізіліп, зертханалар мен технопаркті аралады.

 

Меморандумға қол қою рәсіміне ЖОО ректоры Нұрлан Медетов және колледж директоры Иран Бектемиров қатысты.

 

Ынтымақтастық туралы меморандум колледж бен ЖОО-ның өзара тиімді ынтымақтастығын қамтиды. Университет колледж студенттеріне оқуға түсу үшін қолдау көрсетуге, бірінші семестрге жеңілдіктер беруге, сондай-ақ World skills, ERG skills және т.б. түрлі конкурстарда қолдау көрсетуге дайын.