Торайғыров университеті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің біліктілікті арттыру курстары бойынша тізіліміне енді.

 

ToU-да өткен курстар енді педагогтарды аттестаттау кезінде ресми түрде жарамды болып табылады. Бұл әрбір мұғалім үшін міндетті біліктілікті арттыру курсын Торайғыров университетінде өтуге болады дегенді білдіреді. Бүгінде ЖОО машина жасау, металлургия, химиялық және мұнай-химия технологиялары, ауыл шаруашылығы технологиялары, ақпараттық технологиялар және басқа да бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынады.