орайғыров университеті Павлодар полиция департаментімен ынтымақтастықты дамытуда. Осы күндері біз ведомство бастығы Василий Васильевич Склярмен кездесіп, бірқатар мәселелер туралы сөйлестік. Біздің түлектерімізді құқық қорғау органдарына жұмысқа орналастыру мәселелерін талқыладық. Сонымен қатар, генерал-майор бірлескен күш-жігермен ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын жақсартуды ұсынды. Бұл бізге құқықтану және заң саласында білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.