«TOU-дағы тәлімгерлік» жобасы жалғасын табуда.

Педагогтардың кәсіби дамуын тиімді қолдау, инновациялық әдістерді енгізу, практикалық қызметті жетілдіру және жас мамандардың біліктілігін арттыру нәтижелерін бақылау мақсатында Торайғыров университетінде өткен жылдан бері «ToU-дағы тәлімгерлік» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті мен Computer Science факультетіндегі жобаның аралық нәтижелері оның өзектілігі мен қажеттілігін растап отыр.
Тәлімгер ретінде Computer Science факультетінің профессоры Назира Оспанова, шетел филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Елена Погожева және тұлғалық даму және білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Анар Попандопуло қатысты.

 Ал шәкірттер қатарында «Орындаушылық өнер» кафедрасының ассистент-оқытушысы Мадина Валиева, Computer Science факультетінің ассистент-оқытушысы Диляра Мусипова және шетел филологиясы кафедрасының ассистент-оқытушысы Ксения Селезнева болды.
Қазіргі уақытта «TOU-дағы тәлімгерлік»  жобасының 2025 жылғы І кезеңі сәтті аяқталды. Тәлімгер-оқытушылардың ашық іс-шаралары ұйымдастырылып, бағыттар бойынша облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, қала ұйымдары мен практикалық базалар ретінде қызмет атқаратын кәсіпорындар шақырылды.