Торайғыров университетінде танымал тұлға Шахимардан Әбіловтың есімін мәңгі есте қалдырып,  университеттің мәжіліс залына оның есімін берді.

Айта кету керек, ЖОО-ның концерт залы 400 орынға дейін ұлғайтылды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еліміздің еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов өзінің бар өмірін өнерге қызмет етуге арнады. Оның дауысы, таланты, операға деген шексіз адалдығы қазақ мәдениетінің рухани байлығының символына айналды. Шахимардан Әбілов тек танымал әртіс қана емес, мықты педагог.

 

Салтанатты шараға Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Дүйсен Қасеинов, Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов, медицина ғылымдарының докторы Серік Тоқпанов және Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Игорь Олексенко қатысты. 

 

Шахимардан Әбілов PETROF роялін сыйға тартып, университетке ерекше сыйлық жасады.