Торайғыров университетінде «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» В076 МББ бойынша XVII республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға Алматы, Астана, Тараз және Атырау қалаларынан келген студенттер қатысты. Оның қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен, сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне ToU ректоры Нурлан Медетов қатысты. - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» тек техникалық пән емес. Бұл өндіріс пен денсаулық сақтаудан бастап экология мен энергетикаға дейінгі өмірдің әртүрлі салаларындағы сенімділік пен қауіпсіздіктің негізі. Бұл саланың мамандары - біз күнделікті өмірде байқамайтын, бірақ онсыз қазіргі қоғамды елестету мүмкін емес сапаны қамтамасыз ететіндер, - деп атап өтті Нурлан Медетов. Олимпиадада бірінші орынды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Меруерт Рысхан иеленді.