На базе Торайгыров университета состоялась встреча молодежи с председателем Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Нурланом Абдировым. Мероприятие прошло в рамках разъяснительной работы по вопросам политической модернизации страны.Торайғыров университетінің базасында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жастармен кездесуі өтті. Іс-шара елдегі саяси жаңғыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге сондай-ақ Павлодар облыстық мәслихатының және "AMANAT" партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко, "AMANAT" партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының м. а. Айнура Мұхамедьярова, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Жастар алдында сөйлеген сөзінде Нұрлан Әбдіров Қазақстанның сайлау жүйесін трансформациялау барысы туралы айтып берді. Ол ОСК қызметінің реформасы Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси трансформацияның бір бөлігі екенін атап өтті.
“Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы ашықтыққа, жариялылыққа және сайлаушыға бағытталған жұмыс үлгісіне көшуде. Бұл өзгерістер азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған”, — деді Нұрлан Әбдіров.

Төраға жастармен тікелей пікір алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті: мұндай кездесулер реформалар туралы ақпаратты бірінші қолдан жеткізуге және жастардың пікірін, оларды алаңдататын мәселелерді тыңдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қатысушылар алдағы сайлаулар, жастардың саяси процестердегі рөлі, сайлау жүйесін дамыту перспективалары туралы сұрақтар қойды. Кездесу еркін әрі ашық форматта өтіп, билік пен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.