Торайғыров университетінің студенттері  Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен  робототехника бойынша республикалық олимпиадада 3 орынға ие болды.

 

 

Kozybayev University-ге Астана, Қостанай, Алматы, Павлодар жоғары оқу орындарының болашақ инженерлері жиналды. Олимпиада екі турда өтті. Біріншісі - теориялық, мұнда қатысушылар жеке тапсырмаларды орындады, екіншісі - роботты құрастыру және бағдарламалау бойынша топтық жұмысты қамтыды.

Айта кетейік, олимпиада екінші рет өтуде.