ToU-дың Тұлғалық даму және білім кафедрасының оқытушылары профессор Рахила Әубәкірова, қауымдастырылған профессор Айсұлу Жомартова, аға оқытушы Азил Манабаев "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары (Павлодар өңірінің мысалында)" жобасы аясында Тарту қаласында орналасқан Эстония жаратылыстану ғылымдары университетіне барды.

 


Университет Эстонияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, ветеринария және экология саласындағы жетекші оқу орны болып табылады.

Сапардың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін инклюзивті ортаны зерттеу болды. Әріптестер кәсіптік білім алу ісінде әртүрлі оқу қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдайлар қалай қамтамасыз етілетіні туралы мәліметтермен алмасты.