Осы жылдың басында университетте Торайғыров университетінің  үздік ғалымы атағын беру конкурсы өтті. Бұл маңызды бастама университет ішіндегі ғылыми қызметті қолдауға және дамытуға бағытталған.

Конкурстың мақсаты – тек ғалымдардың жетістіктерін атап өту ғана емес,  әр оқытушының ғылымға қосқан жеке үлесін, университеттің стратегиялық мақсаттарына ықпалын және зерттеулер сапасын арттырудағы рөлін көрсету.
Конкурс жеңімпаздары болып төрт ғалым танылды. Оларға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы тағайындалды, бұл шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды. Сыйақы университеттің өз қаражатынан төленеді.
Бұл марапат – жай ғана материалдық қолдау емес, ғылымға адалдық танытқан, білімін бөлісетін және студенттерді шабыттандыратын зерттеушілерге деген ризашылық пен құрмет белгісі. Сонымен қатар, бұл ғылымға алғашқы қадамдарын жасап жатқан жас ғалымдарға зор мотивация.
Бұл бастама университет үшін жақсы дәстүрге айналады.