Торайғыров университетінде 2025 жылғы Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада басталды.

 

 

Олимпиаданың мақсаты - жастар арасында қаржылық-құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында тұрақты білімді қалыптастыру және қаржылық сана мәдениетін дамыту.

Дроппер қызметі, қаржы пирамидалары және онлайн алаяқтық сияқты өткір мәселелерге ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар алдаудың құрбаны болмау, тәуекелдерді уақытында тану және қаржылық мүдделерін қорғау туралы маңызды білім алды.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде талантты жастарды экономикалық тергеу органдарына қызметке кіруге тартуға бағытталған рекрутингтік жұмыс жүргізілді.