Торайғыров университетінде ЖОО студенттері мен түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Шараны университеттің мансап орталығы ұйымдастырды. ToU-ға мамандар іздеп 60-қа жуық ұйымның өкілдері келді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай кездесулер университетке де, жұмыс берушілерге де қажет. Мұндай жәрмеңкелерде студенттер бүгінгі таңда еңбек нарығында қандай мамандар қажет екенін, лайықты жалақы алатын жұмыс табу үшін қандай құзыреттер қажет екенін біле алады. Болашақ мамандар үшін бос орындар жәрмеңкесі - кәсіби ізденуге көмектесу. Жәрмеңке коворкингте өтті, онда "Forte Bank" АҚ, "Қазақстан алюминийі" АҚ, "ERG Service" ЖШС, "KSP Steel" ЖШС, "KAZ Minerals" ЖШС және т. б. компаниялар ұсынылды.