Торайғыров университетінде Халықаралық әйелдер күні  атап өтілді.

 

Басқарма төрағасы - ректордың міндетін атқарушы Нұрлан Ержанов барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

- Әйелдер оқу процесіне ерекше сезімталдық, зейін мен тереңдік әкеледі. Олар студенттерді шабыттандырады, олардың білімін ғана емес, дүниетанымын да қалыптастырады. Жалпы, әйелдер білім беру тарихында әрқашан шешуші рөл атқарды. Олардың даналығы, шыдамдылығы, жаңашыл рухы білімді жеткізуге ғана емес, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың ең жақсы қасиеттерін ашатын ерекше атмосфера құруға көмектеседі. 
Мерекелік концерттік бағдарлама барлық қатысушылардың көңілінен шықты және арулар қауымы үшін керемет сыйлық болды.