Торайғыров университетінде университеттің 65 жылдығына арналған "Технологиялық диалог: ІТ көшбасшыларымен дөңгелек үстел" өтті.


Computer science факультетінің деканы Нұрлыбек Испулов және Академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Қасенов кіріспе сөз сөйледі.

Спикерлер ретінде "Қаз Транс Ойл" АҚ, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС, "Solid Group" ЖШС, "KSP Steel" ЖШС, "Байланыс индустриясы" ЖШС, Ақпараттық технологиялар басқармасы, "Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы" сияқты компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.


Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық трансформацияға, тиімді мемлекеттік басқаруға және ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған "Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында Торайғыров университеті өңірлік экономикамыз үшін қажетті кәсіби ІТ-құзыреттерді дамытуға ұмтылады.

Бұл "дөңгелек" үстел спикерлер мен қатысушылар үшін IT-саланың тәжірибелерімен бөлісуге, цифрлық технологияларды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағын талқылауға, студенттерді мамандарға қойылатын талаптармен және жетекші компанияларда табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдылармен таныстыруға, болашақ мамандармен және әлеуетті қызметкерлермен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді.