Торайғыров университетінде Бижан Жұмасейіт Қоғабайұлының 85 жылдығына арналған "Өнегелі өмір тағылымы" атты "дөңгелек" үстел өтті.


Кездесудің модераторы филология және журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Серік Елікпаев болды.

Жұмасейіт Бижан - көптеген кітаптардың, теле және радиобағдарламалардың авторы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Кеңес Одағының үздік телерадиожурналисті төсбелгісінің иегері. "Құрмет" орденімен (2018 ж.), "Мәдениет үздігі" белгісімен, С. Торайғыров атындағы алтын медальмен марапатталған (2010 ж.).

Торайғыров университетінің ғалымдары да баяндама жасады.

Сонымен қатар, шақырылған қонақтар журналистика ардагерлері, жазушылар, қаланың құрметті азаматтары болды.