Торайғыров университетінде "Ас болсын" челленджі басталды. Жастар саясаты, әлеуметтік және шаруашылық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі - университет проректоры Ертарғын Шахман университет кампустарында кешкі ас әзірледі.

Ыстық тағамды дайындау үшін шамамен екі сағат уақыт қажет болды. Нәтижесінде жүзден астам студент ыстық палаудың дәмін татты.

 

Айта кету керек, челлендж ЖОО-да 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Студенттерге арналған кешкі асты дайындайтын келесі аспаздар факультет декандары болады. Мәзір әлі белгісіз.