Торайғыров университетінде Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Азамат Елеутаевпен , Павлодар қаласы Полиция басқармасының солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Қизатовпен және Облыстық полиция департаментінің арнайы жедел қызмет жасағының қызметкері полиция капитаны Бейбіт Жақыповпен кездесу өтті.

Полиция қызметкерлері ішкі істер органдарындағы қызметтің барлық артықшылықтары туралы айтып берді ( жалақы, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдері, мансаптық өсу және ерте зейнетке шығу және т.б.). 

Сонымен қатар, полицияға қызметке орналасу тәртібі және т.б. туралы ақпараттандыратын бейнероликтер көрсетілді.