Торайғыров университеті ректорының м.а. Нұрлан Ержанов пен әскери бөлімінің командирі Сәкен Шырынханов серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.


Қос тарап жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және оқыту саласында серіктестік қарым-қатынас орнату жөнінде уағдаласты. Осылайша, жоғары оқу орны мен әскери бөлім студенттері арасында әскери қызметтің абыройын көтеру міндетін қойып, әскери мәселелер бойынша тәжірибе алмасады.
Сонымен қатар, әскери бөлім мен университет арасындағы ынтымақтастық әскери кафедрада оқитын жастарға тағылымдама мен кәсіби тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп, ортақ ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға жол ашады.


- Біз мұндай ынтымақтастықты бастағанымызға қуаныштымыз. Әскери бөліммен серіктес болу студенттерімізге сапалы әскери білім алуға мүмкіндік берумен қатар, азаматтық жауапкершілік пен патриоттықтың жоғары деңгейін қалыптастыруға оң септігін тигізеді. Ортақ жұмыс барысында болашақ офицерлерді даярлау үрдісінде жаңа деңгейге шығуымыз керек, - деп атап өтті Торайғыров университеті ректорының м.а. Нұрлан Ержанов.