Іс-шара барысында студенттермен қаржы пирамидаларына, дроп және лудоманияға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.


Іс-шара қарызсыз қоғамды, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған негізгі бастамаларды іске асырудағы маңызды қадам болды.

Қызметкерлер талқыланатын тақырыптардың әрқайсысы бойынша нақты кейстермен, азаматтардың алдында тұрған тәуекелдермен бөлісті және өздерін жинақтарды жоғалтудан қалай қорғау керектігін айтты.

Павлодар облысы бойынша ЭДД "Тәртіпті өзіңнен баста!" эстафетасын Ақтөбе облысы бойынша ЭДД жолдайды.

 Байланыс орталығы: 1458