"ToU-дағы тәлімгерлік" жобасы өз жұмысын Торайғыров университетінде жалғастыруда. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың қаңтарына дейін сәулет және құрылыс факультетінде бұл жоба сәтті жүзеге асырылды,  нәтижелері жес оқытушылардың жұмысына оң әсерін тигізді. Ғылыми кеңес олардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына және университетте сапалы кадрлық резервті қалыптастыруға қолдау көрсету мақсатында бастаманы жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Жаратылыстану ғылымдары және инженерия факультеттерінде жобаның іске асырылуы оның қажеттілігі мен өзектілігін көрсетеді. Химия және химиялық технологиялар, металлургия,  география және туризм, механика және мұнай-газ кафедраларының тәлімгерлері мен тағылымдамашылары білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін орта құру үшін белсенді жұмыс істейді. 

Желтоқсан айында оқытушы-тағылымдамашылардың ашық сабақтары өткізіледі. Университеттің студенттік активін, облыс басқармалары мен департаменттерінің бағыттары бойынша өкілдерін, ЖОО практикасының базасы болып табылатын қала ұйымдары мен кәсіпорындарын шақыру жоспарлануда. 

Айта кету керек, жоба университеттің HR қызметімен бастамашылық етілді, бұл білім беру процесін жетілдіру үшін тәлімгерліктің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Жеке тұлғаны дамыту және білім беру кафедрасының докторанты Бақытжан Оспанова жүзеге асыратын әдістемелік сүйемелдеу жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастырудың және тиімділігінің жоғары дәрежесіне кепілдік береді.