Торайғыров университетінде"Өзін-өзі дамыту бүгіннен басталады" атты қалалық семинар-тренинг өтті

Тренингке Павлодар қаласы университеттері жанындағы жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Спикерлер Павлодар облысы бойынша студенттік омбудсмен Дәурен Шарипов, Жастар бастамалары орталығының директоры Ризат Рахимжанов, Павлодар облысы бойынша «Аманат» партиясы жастар қанатының төрағасы Мерғали Жүсіп, шоумен және жүргізуші Алмас Каллемов, Жүсіпбек Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры басшысының орынбасары Нұркен Тұрлыбек  және SMM-маман, мобилогаф, ұшқыш дрон Владислав Дейч болды.

Секциялық отырыстарда мобилография негіздері, көшбасшылық жолдары, сценарий мәдениеті және т. б. тақырыптар талқыланды.

Семинар соңында сертификаттар табысталды.