Торайғыров университетінің ғалымы Марк Клецель "Ең белсенді өнертапқыш" номинациясы бойынша "Шапағат-2024" республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Марк Клецель - 200-ден астам патенттің авторы. Ғалым электр энергетикасы саласында еңбектеніп жүр.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 101 өтінім түсті. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атану үшін 21 өтініш берілді. Ал "Жыл өнертабысы" номинациялары бойынша "Шапағат-2024" өнертабыс саласындағы республикалық конкурсқа қатысу үшін 17 өтінім, "Өнертапқыш әйел" - 17 өтінім, "Жас өнертапқыш" - 13 өтінім, "Үздік инновациялық компания" аталымы бойынша - 6 өтінім және "Жас талант" аталымы бойынша  27 өтінім қабылданды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 6 желтоқсанда өтеді.