Торайғыров университетінде "Егемен Қазақстанның жетістіктері" тақырыбында сараптамалық талқылауға арналған "дөңгелек үстел"өтті. 

Торайғыров университетінің ректорының м. а. Нұрлан Ержанов құттықтау сөз сөйледі. 

- Бүгін біз егемен Қазақстанымыздың маңызды жетістіктерін және даму жолында кездесетін сын-қатерлерді талқылау үшін осында жиналдық. Біздің еліміздің дамуы біздің білім мен инновацияға деген ұмтылысымызға тікелей байланысты. Біз әр жаңа ұрпақ өзімен бірге жаңа идеялар мен перспективалар әкелетін ерекше уақытта өмір сүріп жатырмыз. Жастар-бұл біздің қоғамымыз бен экономикамыздың келбетін өзгертуге қабілетті ресурс, - деп атап өтті Нұрлан Ержанов.

Спикерлер ретінде университет ғалымдары - Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жұлдыз Қабиденова, үштілділік кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мади Рахимов және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Борис Поломарчук сөз сөйледі.

Тәуелсіздік кезеңінде қазақ тілінің дамуы мен қалыптасу аспектілері, Қазақстандағы ұлттық бірегейлік, жастар мен саясат, ел болашағындағы жаңа ұрпақтың рөлі қозғалды.