Торайғыров университетінде Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және ToU шетелдік студенттерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі бойынша "дөңгелек үстел" өтті.

 

Кездесуде қоғамдық орындағы өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрттер мен жарылыстардың жағдайлары мен себептері, сондай-ақ өрт сөндіргіштердің түрлері мен құрылғылары сияқты тақырыптар көтерілді.

 

Спикерлер басқарма бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Тілекжан Галямов, инспектор Арман Арын, азаматтық қорғау капитаны, инспектор Дархан Теміршот, азаматтық қорғау капитаны және анықтаушы Айхан Рымханов, азаматтық қорғау аға лейтенанты болды.