Торайғыров университетінің базасында Павлодар облысы оқушыларының облыстық көптілділік олимпиадасы өтті. 
Оған ауылдық және қалалық мектептердің 75-тен астам оқушысы қатысты.

Іс-шара Павлодар облысының "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - заманауи үздіксіз білім беру жағдайында интеллектуалды көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.  

Олимпиада екі кезеңнен тұрады: жазбаша және ауызша. Университеттің қазақ, орыс және шетел филологиясы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қазылар алқасының мүшелері болды.
Сондай-ақ, университет ең жоғары балл жинаған қатысушыға ректор грантын бөлді. 

Айта кету керек, көптілділік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.